1. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ МАҚСАТТАРЫ
«Арманға жол» – Қарағанды қаласында өткізілетін қалалық жартылай марафон.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және халықты дене шынықтырумен және жүгірумен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарысқа осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.
Ересек қатысушылар үшін 5 км, 10 км және 21,1 км қашықтықтары қарастырылған.
8–15 жас аралығындағы балалар үшін 1 км қашықтыққа жүгіру жарысы өткізіледі.
2. ЖАРЫСТЫ БАСҚАРУШЫ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
2.1. Жарысты өткізу кезінде жалпы басшылықты Қарағанды каласының спорт және туризм басқармасы жүзеге асырады.
3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ
3.1. Ересектер мен балалар арасындағы жарыстың өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 29 тамыз сағ. 07:00-дан 12:00-ге дейін.
3.2. Жарыстың өтетін орны: Қарағанды қаласы. Басталу, аяқталу орны: Мұзды сарай алаңы.
4. ЖАРЫС ҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАС САНАТТАРЫ
4.1. Жарыс бағдарламасына енгізілген қашықтықтар: 1 км, 5 км, 10 км, 21,1 км.
4.2. Жарыстағы жас санаттары:
4.2.1. 5 км қашықтықта ерлер мен әйелдер -16-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+.
4.2.2. 10 км қашықтықта ерлер мен әйелдер - 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+ .
4.2.3. 21,1 км қашықтықта ерлер мен әйелдер - 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60+.
4.2.4. 1 км қашықтықта - балаллар 8-15 жас.
5. ЖАРЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
5.1. Жарысқа тіркелу кезінде жарыстың өткізу кезіндегі (29 тамыз 2026 жылы) толық жасы ескеріледі.
5.2. Жарысқа бір уақытта бірнеше қашықтыққа қатысуға қатаң тыйым салынады.
5.3. Қатысушылар жарысқа қатысқаны үшін, сондай-ақ денсаулық жағдайы мен өз қауіпсіздігі үшін толық жеке жауап береді. Ұйымдастырушылар жарысқа қатысу барысында немесе одан туындауы мүмкін жарақаттар, денсаулығының нашарлауы немесе өзге де зардаптар үшін жауапты болмайды. Өткізу орнында медициналық қызмет ұйымдастырылады, алайда оның қатысуы қатысушыларды өз денсаулығы үшін жеке жауапкершіліктен босатпайды.
5.4. Баланың қатысуы үшін ата-анасы немесе заңды өкілі баланың жарысқа қатысуы үшін, сондай-ақ оның денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін толық жеке жауап береді.
6. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ
6.1. Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын Ұйымдастыру комитеті көтереді.
6.2. Жарыстың жол жүру, орналасу және тамақтанумен байланысты шығындарын Жарысқа қатысушылардың өздері көтереді.
7. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
7.1. Жарысқа тіркелу
www.qhm26.athleticfamily.kz сайтында
2026 жылдың 23 шілдесінен тамыздың 23-не дейін өтеді.
7.2. Веб-сайтта онлайн-тіркеу рәсімін аяқтаған және таңдалған қашықтыққа тіркеу формасының нұсқаулары бойынша кіру жарнасын төлеген қатысушы тіркелген болып саналады. Жарыс қатысушылары тізіміне тек төлем жасаған өтінімдер ғана енгізіледі.
7.3. Тіркеу және қатысу жарнасын төлеу арқылы Жарыс қатысушысы осы ереженің барлық шарттарымен және офертамен келіседі.
7.4. Жарыс қашықтықтары бойынша тіркелу жарналарының құны: 10 000 (он мың) теңге.
7.5. Старттық нөмірлері жоқ қатысушылар жарысқа жіберілмейді.
7.6. Қатысушының старттық нөмірі анық көрінуі керек. Қатысушының старттық нөмірі кеуде алдында немесе белдік белбеуде бекітілуі керек.
7.7. Басқа біреудің нөмірімен Жарысқа қатысуға тыйым салынады. Старттық нөмірлерді беру фактісі анықталған жағдайда нөмірді ауыстырған жарысқа қатысушы және басқа біреудің нөмірін қабылдаған жарысқа қатысушының нәтижесі жойыла отырып, осы Жарыстан шеттетіледі.
8. СӨРЕЛІК ЖИНАҚТАРДЫ БЕРУ
8.1. Жарыс қатысушыларына сөрелік жинақтар 2026 жылғы 27-28 тамыз күндері сағ. 10:00-ден 18:00-ге дейін беріледі. Сөрелік жинақтар беру мекенжайы кейінірек ресми ақпарат көздері арқылы (сайт және әлеуметтік желілер) жарияланады.
8.2. Қатысушының сөрелік жинағына старттық нөмір, түйреуіштер, жейде кіреді.
8.3. Жарысқа қатысушылар мына құжаттары болған жағдайда ғана жарысқа жіберіледі:
18 жастан асқан қатысушылар үшін:
Жеке куәлік;
Денсаулық туралы келісім (сөрелік нөмірлер берілетін күні беріледі және оған қол қойылады).
8.4. Ата анасында немесе заңды өкілінде мынадай құжаттар болған жағдайда ғана балалар жарысқа жіберіледі:
Ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі;
Баланың туу туралы куәлігі;
Денсаулық туралы келісім (сөрелік нөмірлерді беру күні ата-анасы немесе заңды өкілімен өз қолымен беріледі және толтырылады).
8.5. Егер Жарысқа Қатысушы өзінің сөрелік жинағын өзі ала алмаса, оны басқа тұлға өзінің жеке куәлігінің көшірмесін, қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін көрсеткен кезде ала алады (басылған түрде), ол үшін олар осы қатысушының атынан денсаулық туралы келісімге қол қояды.
8.6. Қатысушы слот сатып алған болса, бірақ келесі себептерге байланысты стартқа бара алмаса: ауру, жарақат, басқа қалаға кету, іссапар, жұмыс ауысымы – қатысушы таңдаған жүгірісіне сәйкес қашықтықты басқа уақытта немесе басқа жерде еңсере алады және Ұйымдастыру комитетінен медальді 2 (екі) апта ішінде ала алады.
9. ЖАРЫСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ
9.1. Қашықтықтарды жүгіріп өтуге арналған уақыт шектеулері:
1 км балалар жүгірісі - 25 минут;
5 км - 45 минут;
10 км - 1 сағат 30 минут;
21,1 км – 3 сағат.
9.2. Жарыс бағдарламасы:
Жарыс бағдарламасы ресми ақпарат көздері арқылы (сайт және әлеуметтік желілер) кейінірек жарияланады.
10. САҚТАУ КАМЕРАСЫ
10.1. Қатысушылардың заттары сақтау камерасына тек қапшықтарда (пакеттерде) қабылданады, оған Қатысушылар заттарды салуы керек.
10.2. Сақтау камерасы чемодандарды, көлемді сөмкелерді қабылдамайды.
10.3. Ұйымдастыру комитеті сақтау камерасына бағалы заттарды, ақшаны, зергерлік бұйымдарды қалдырмауды ұсынады. Сөмкелердегі жетіспейтін заттар туралы шағымдарды Ұйымдастыру комитеті қарастырмайды.
11. НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ
11.1. Қашықтықтар бойынша Жарысқа қатысушылардың нәтижесі MyLaps хронометр жүйесіне жазылады және Жарыстың төрешілер алқасы бекітеді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау мәреге жету реті бойынша анықталады: абсолюттік есеп – GUN-time бойынша, жас санаттар есебі – CHIP-time бойынша жүзеге асырылады.
11.2. Жарыстың ресми нәтижелері Жарыс аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде Жарыстың веб-сайтында жарияланады. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзғаны туралы ақпаратты алғаннан кейін фото және бейнежазбаны талдау арқылы іс-шараны өткізу орнын қайта қарауға құқығы бар. Ал қатысушылардың Жарыс ережелерін бұзу фактілері анықталған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қорытынды хаттаманы өзгерту туралы түпкілікті шешім қабылдауға құқығы бар.
11.3. Жарысқа қатысушының нәтижесі старттық нөмірі дұрыс орналасқан жағдайда ғана тіркеледі. Старттық нөмірі анық көрініп тұруы керек, сәйкесінше кеудесіне қойылуы керек.
11.4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау қатысушының мәреге жеткен уақыты бойынша жүргізіледі.
11.5. Балалар Жарысында уақытты бекітуі хронометр жүйесімен өткізілмейді, өйткені жарыстың басым мақсаты қайырымдылық және насихаттау болып табылады.
12. ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ
12.1. 5 км қашықтықта ерлер мен әйелдер арасында 1–3 орын үшін марапаттау: 16–29 жас, 30–39 жас, 40–49 жас, 50–59 жас және 60+ жас санаттары бойынша өтеді.
12.2. 10 км қашықтықта ерлер мен әйелдер арасында 1–3 орын үшін марапаттау: 18–29 жас, 30–39 жас, 40–49 жас, 50–59 жас және 60+ жас санаттары бойынша өтеді.
12.3. 21,1 км қашықтықта ерлер мен әйелдер арасында 1–3 орын үшін марапаттау: 18–29 жас, 30–39 жас, 40–49 жас, 50–59 жас және 60+ жас санаттары бойынша өтеді.
12.4. Балалар жарысына қатысушыларға ешқандай марапаттар қарастырылмаған.
12.5. Егер қатысушы сыйлықтарын Жарыс күні алмаса, ол Жарысты ұйымдастыру комитетінен Жарыс аяқталғаннан 5 жұмыс күні ішінде ала алады.
13. ЖАРЫС КЕЗІНДЕ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
13.1. Ұйымдастыру комитеті ұсынады:
Жарыс кезінде құлаққапты қолдануға кеңес берілмейді. Қатысушы басқа қатысушылардың, ұйымдастырушылар мен төрешілердің ескертулерін естуге міндетті;
Екі және одан көп қатысушылармен бірқатарда жүгірмеу;
Жай жүруге көшкенде жолдың оң жағын ұстану.
13.2. Ұйымдастыру комитеті
Мүгедектер арбасындағы спортшылар мен арнайы балалар арбалары бар қатысушыларды қоспағанда, кез келген механикалық қозғалыс құралдарын (скутер, велосипед, роликтер және т.б.) пайдалануға;
Жануарлармен қатысуға ұсынбайды.
13.3. Ұйымдастыру комитеті келесі жағдайдарда тыйым салады:
Алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде қатысуға;
Басқа қатысушылар үшін қауіпті болуы мүмкін кез келген заттармен қатысуға;
Арбалармен қатысуға;
Жолда тоқтауға. Денсаулығы нашар болған жағдайда қатысушы мүмкіндігінше жарысқа қатысуын тоқтатып, Жарыстың басқа қатысушыларының қозғалысына кедергі келтірмей, жолдың шетіне өтуі қажет;
Қатысушылардың қозғалысына және жарысты ұйымдастыруға кез келген басқа жолмен кедергі жасауға;
Ұйымдастыру комитетінің лауазымды тұлғалары, басқа тұлғалардың қатысушы тамақ пен сусын алып жатқан кезде оның жанында жүруге, жүгіруге, қозғалуға құқығы жоқ;
Ережені бұзғаны үшін қатысушы жарыстан шығарылуы мүмкін.
14. ДИСКВАЛИФИКАЦИЯ
14.1. Ұйымдастыру комитеті қатысушыны дисквалификациялауға құқығы бар, егер:
Қатысушы жарысты ресми старт алдында бастаса;
қатысушы старт алаңы жабылғаннан кейін жарысты бастаса;
Қатысушы старт нөмірінсіз шықса;
Қатысушы Ұйымдастыру комитетінің, төрешілердің немесе Жарыстың бас дәрігерінің нұсқаулары мен ескертулеріне мән бермесе;
Қатысушы Жарыс ережесін бұзса;
Қатысушы 2 (екі) қашықтыққа жүгірсе, бұл қатысушыны жарыстан шығарып жіберуге әкеп соғады.
14.2. Қатысушылар қорытынды хаттамадан шығарылады, егер:
Қатысушы басқа адамға тіркелген басқа біреудің нөмірімен жүгірсе;
Қатысушы қашықтықты қысқартса;
Қатысушы жарияланбаған қашықтыққа жүгірсе;
Қатысушы импровизацияланған көлік құралын (велосипед, скутер және т.б.) пайдаланса;
Қатысушы жарысты старт аймағынан бастамаса;
Қатысушы белгілі бір жарыстың ресми нөмірінсіз жүгірсе немесе нөмір киімнің астына жасырылса;
осы Ереженің бекітілген ережелерін бұзса.
15. ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІЛЕР АЛҚАСЫ
15.1. Жарыстың төрешілер алқасы – Жарыс ережелерінің сақталуын мұқият қадағалайтын, күрестің әділ және шынайы өтуін, жеңімпаздардың объективті түрде анықталуын қадағалайтын төрешілер. Осы жарысқа қызмет көрсететін барлық спорт төрешілері Жарыстың төрешілер кеңесін құрайды.
15.2. Жарыстың төрешілер алқасының құрамында:
Жарыстың бас төрешісі - Жарыстың жеке төрешілері арасында міндеттерді бөледі, ал Жарыс аяқталғаннан кейін Бас төреші Жарысты ұйымдастыру комитетіне жазбаша жауап береді.
Жарыстың Бас хатшысы – хаттамаларды өңдейді және нәтижелерін көрсетеді, төрешілерді, қатысушыларды және көрермендерді старттардың барысы туралы хабардар ету үшін дер кезінде қажетті материалдарды құрастырады және олар аяқталғаннан кейін нәтижелер бойынша жалпы хаттаманы жасайды;
Жарыстың сөре–мәре аймағының төрешілері – Жарысқа қатысушылардың кластерлер бойынша қашықтыққа шығуын, старт кезінде ережелердің сақталуын, ешкімнің артықшылыққа ие болмауын қатаң қадағалайды. Мәре сызығында төрешілер мәре сызығына алғашқы 10 (он) қатысушыны тіркейді. Хаттамалар нәтижелерді тексеру үшін Жарыстың бас төрешісіне беріледі. Жарыстың төрешілер алқасына кәсіби спортшылар мен мамандарды шақыруға рұқсат етіледі.
15.3. Медициналық көмек – жедел жәрдем стартта және мәреде болады.
16. ФОРС - МАЖОР
16.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан/ ұйымдарынан/ қызметтерінен, оның ішінде жергілікті билік органдарынан жарысты өткізуге ресми түрде тыйым салынған жағдайда, жарыс кейінгі мерзімге ауыстырылады.
Қатысушылардың бұрын жасаған барлық кіру жарналары автоматты түрде жарыстың жаңа күніне аударылады. Жарыстың нақты (жаңа) күні Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға ақпаратты осы Қағидалардың 18-бабында көрсетілген Ұйымдастырушының ақпарат көздеріне орналастыру арқылы, сондай-ақ Қатысушының Жарысқа қатысу кезінде көрсетілген жеке поштасына хабарламалар жіберу арқылы кейінірек хабарлайды.
17. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТ ТАЛАПТАР
17.1. Наразылықтар Ұйымдастыру комитетіне беріледі және оларды жарыстың төрешілер алқасы қарайды.
17.2. Жарысқа Қатысушы жарысты аяқтағаннан кейін 30 (отыз) минут ішінде кінәрат талап қою құқылы. Кінәрат талаптар Marzhangul.tr@hotmail.com электрондық поштасына жіберіледі.
Кінәрат талаптар берген кезде жарысқа қатысушы келесі ақпаратты ұсынуы қажет:
тегі мен аты (анонимді өтініштер қаралмайды);
талаптың мәні, талап неден тұрады;
талап қою негіздері (фото немесе бейнежазба, жеке секундомер, субъективті пікір және т.б.).
17.3. Ұйымдастыру комитеті наразылық және /немесе шағым берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушыға ресми жауап дайындайды, ол шағым берілген электрондық пошта жіберіледі.
17.4. Кінәрат талаптар тек жарыс қатысушылардан қабылданады.
18. ЖАРЫСТЫҢ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ
18.1. Жарыс туралы толық ақпаратты сайтта және әлеуметтік желілерде алуға болады.
Басқа ақпараттық ресурстарда орналастырылған ақпарат үшін жарысты ұйымдастыру комитеті жауап бермейді.
19. ЖАРЫСТЫ БАЯНДАУ ҚҰҚЫҒЫ
19.1. «Арманға жол» QARAGANDY HALF MARATHON (бұдан әрі – Авторлық құқық иеленушісі) спорттық жарыстың бейнесін және (немесе) дыбысын жарыстың кез келген тұсына осы кез келген технологияны пайдалана отырып трансляциялау, сондай-ак көрсетілген трансляцияның бейнежазбасын жасауға толықтай құқылы. Құқық иеленуші үшінші тұлғалар мен спорттық жарысты көрсету, сатып алу туралы жазбаша шарттар жасасуға құқылы.
20. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20.1. Жарыс туралы осы Ереже қатысуға ресми шақыру болып табылады.
20.2. Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге өзгертулер енгізуге құқылы.